Елбасы Қорғаныс министрлігіне Қарулы күштер мүмкіншілігінің барлық арсеналын тағы бір мәрте саралауды тапсырды

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрлігіне Қарулы күштер мүмкіншілігінің барлық арсеналын тағы бір мәрте саралауды тапсырды. Аталған міндетті Мемлекет басшысы Ақордада ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткен кеңесте жүктеді.
None
None

ҚР Президенті сын-қатерлерді ескере отырып, мемлекет, қоғам және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің рөлін күшейту маңыздылығын баса айтты. Осы ретте Елбасы Қорғаныс министрлігіне Қазақстанның ішкі ахуалын тұрақсыздандыру әрекеттеріне қарсы тұру үшін пайдалануға болатын Қарулы күштер мүмкіншілігінің барлық арсеналын тағы бір мәрте саралауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар