19:03, 28 Қыркүйек 2020 | GMT +6
Елбасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті», деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді.
Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.
Одан кейін «Түркістан-Арена» стадионында болып, «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды.
Елбасы Rixos Turkistan қонақүйі және Түркістандағы бірқатар экспозициялық кешенмен танысты.