Елбасы ҚР құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асыру туралы Жарлыққа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін ұсынады.

***

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы


«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2 және 54-баптарын іске асыру мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қызметкерлердің қызметін бағалау, разрядтар беру шарттары мен ережелерінің қағидалары;

2) Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі және тәртіптік жауапкершілікті қалыптастыру (тәртіптік тәжірибеде профилактикалық функцияларды күшейту) қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 16 наурыз

№ 211

Соңғы жаңалықтар
telegram