Елбасы ҚР ұлттық құрамасының капитаны Н. Тінәлиевке мемлекеттік туды тапсырды

АСТАНА.  4 шілде. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Лондон Олимпиадасына баратын спортшылармен кездесу барысында еліміздің ұлттық құрамасының капитаны Нұрмахан Тінәлиевке мемлекеттік туды табыс етті.
None
None

«Мен қазір сіздерге біздің туымызды тапсырамын. Оны сіздер елге зор мәртебемен алып келесіздер», - деп атап өткен Мемлекет басшысы грек-рим күресінің шебері Н. Тінәлиевке еліміздің көк байрағын ұстатты.

Өз кезегінде республикамыздағы спорттың дамуына зор көңіл бөліп отырған Мемлекет басшысына спортшылар атынан зор алғысын жеткізген  Н. Тінәлиев: «Алтын күн астындағы алғыр қыран бейнеленген қазақтың көк туы - біздің ең қасиетті рәмізіміз. Сіздің қолыңыздан еліміздің ең қастерлі символын алу - мен үшін өте үлкен абырой. Сіз қазақтың көк туын әлемнің ең ұлы мемлекеттерінің төрінде желбіреттіңіз. Енді біз оны әлем спортшыларының ең басты додасы Олимпиада төрінде көтеретін боламыз. Сіздің бүгінгі тілегіңіз - бүкіл елдің тілегі. Біз оны абыроймен орындаймыз. Біз көк туымызды Лондонға желбіретіп алып барып, Астанаға өзіміз жеңіп алған алтын медальдармен жарқыратып алып қайтамыз», - деді.

Соңғы жаңалықтар