Елбасы КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімовті 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовке 75 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады.
None
None

Хатты бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов табыс етті.

Онда Елбасы қазақтың кино және театр саласындағы табыстарына өнер шеберінің қосқан үлесін жоғары бағалайтындығын атап өтті.

«Мұхтар Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясындағы өз рөлдеріңізбен Сіз халқымыздың құрметі мен махабаттына ие болдыңыз. Сіз, актер, режиссер, педагог ретінде де жас буынға үлгі болдыңыз. Бізді театр мен кинодағы рөлдеріңізбен алдағы уақытта да қуанта беруіңізге тілектеспін», - деді Н.Әбішұлы өз хатында.

Соңғы жаңалықтар