14:15, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Елбасы құрылыс сапасын жоғарылатуға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы құрылыс сапасын жоғарылатуға, құрылыста баға белгілеуді, мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.