Елбасы: Қырғи-қабақ қақтығыстың екінші нұсқасы – идеология соғысына қайта оралып келеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дамыған елдердің өздерінде қоғам мен элитаның бөлінуі байқалады. Бұл туралы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2 маңызды мәселені қарайық деп отырмыз. Біріншісі - 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы. Біз бір мемлекет, біртұтас ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне келіп жеттік. Бұл өзгерістер коронавирус пандемиясынан туындады. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамынша, оның әсері алдағы онжылдыққа созылуы мүмкін. Пандемия салдарынан әлем жаңа дәуірге аяқ басқанын көріп отырмыз. Сондықтан еліміздің алдында мүлдем басқа сынақтар тұр», - деді отырыста ашқан Елбасы.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті тіпті дамыған елдердің өзінде қоғам мен элита бөлінуі байқалып отырғандығына баса назар аудартты.

«Әлемде және төңірегімізде не болып жатқанын қараңыздар. Осы жылдың өзінде посткеңестік кеңістікте жаппай саяси толқуларды, мемлекеттер арасындағы, Орталық Азиядағы, барлық үлкен өңірлердегі соғысты көрдік. Төңіректегі ахуал да тұрақсыз. Тіпті, дамыған елдердің өздерінде қоғам мен элитаның бөлінуін байқап отырмыз. Сарапшылардың бағалауында, әлем жаңа биполярлыққа бара жатыр. Бұл жай ғана жекелеген салаларда, бәсекелестік пен даму моделінде қатаң күресті білдіреді. Шындап келгенде, біз қырғи-қабақ қақтығыстың екінші нұсқасы – идеология соғысына қайта оралып келеміз. Біз мұндай жағдайда осы жылдардың ішінде негізін қалаған басымдықтарымызды, сыртқы саяси теңгерімімізді қалай сақтап қалу керектігін нақты түсінуіміз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салсақ, кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.


Соңғы жаңалықтар