Елбасы қыркүйек айынан бастап көрсетіле бастайтын «24.кz» телеарнасының тестілік хабар таратуын іске қосты

Еске сала кетсек, бүгінгі шара барысында іске қосылған ұлттық сандық телеарна жүйесі базасында тұңғыш сандық жүйедегі тәулік бойы жаңалықтар таратын «24.kz» телеарнасы қыркүйек айынан бастап іске кірісетін болады.
«24.kz» - еліміздегі тәулік бойы жұмыс істейтін тұңғыш ақпараттық арна болмақ. Бұл «BBС», «CNN», «Euronews» және «Россия 24» сынды әлемдік арналардың қазақстандық баламасы. Күн сайын телеарна 48 «жаңалықтар», 40 ақпараттық-тақырыптық бағдарлама дайындайтын болады. Арна елдегі және шетелдегі оқиғаларды жедел, анық, қысқа әрі толыққанды таратуды басшылықта ұстайды. Орталық кеңсесі Астанада орналасатын телеарна «Отау ТВ» ұлттық спутниктік жүйе арқылы хабар тарататын болады.
Жиын барысында Президент Н. Назарбаев 2012 жылғы 1 қыркүйекте хабар таратуды бастайтын телеарнаны тестілік хабар таратуға қосуға рұқсат берді.