Елбасы Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Елбасы Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді», - деп жазады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытай Халық Республикасына сапары барысында «Синьхуа» ақпарат агенттігі, «CCTV» телеарнасы, «Жэньмин Жибао» газеті, Қытайдың орталық радиосы, «China News Service» ақпарат агенттігі, «Хуанцю шибао» басылымы сияқты Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Елбасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі жүзеге асыру перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Нұрлы жер» және «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» бағдарламаларын ұштастыру нәтижелері туралы әңгімеледі.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумның ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.

Жиында Елбасы тарихи цикл әлемдік ықпалдастық орталығын Шығысқа қайтаруда екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар