23:02, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Елбасы Македония Президентімен екі елдің ынтымақтастығының басымдықтарын талқылады
АСТАНА.ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.
Екі мемлекеттің басшылары сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығы бар жайттарын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар бірқатар перспективалық бағыттардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.