Елбасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын
None
None

және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

***

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМ I Н:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымша ға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 желтоқсан

№ 153

Соңғы жаңалықтар