Елбасы мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды

АНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссияға емтиханды сәтті тапсырды.
None
None

Бұл туралы бүгін аталмыш комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлім етті.

Емтиханнан шыққаннан кейін БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат берген Н. Назарбаев «емтиханды сәтті тапсырдым деп есептеймін» деген пікір білдірді.

Елбасы қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігін айта келе: "Ұлты бойынша президенттікке кандидаттарға шектеу қойылмайды. Кез-келген ұлттың өкілі болып табылатын адам президенттікке кандидат болып ұсыныла алады. Алайда ол мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тиіс. Бұндай талап тек қана Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекеттерде бар және бұл дұрыс", - деді.

Сонымен бір мезгілде Мемлекет басшысы орыс тілін де білу қажеттігін атап көрсетті. «Біз орыс тілі арқылы әлемдік мәдениетке, ғылым мен білімге шыққанбыз және шығып жатырмыз. Орыс тілі БҰҰ-ның алты тілінің бірі, халықаралық тіл, сондықтан да біз бұл тілді меңгерген деңгейімізді төмендетпеуіміз керек. Біздердің балаларымыз және біздер де инновациялар мен жаңа технологиялар жасалынып жатқан, әлемге қажетті ағылшын тілін де білуіміз керекпіз. Ағылшын тілі бәріне керек, өйткені жаһандық әлемде ағылшын тілі шын мәнінде қажетті тіл болып отыр», - деді Президент.


Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XIII съезінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Президентінің өкілеттігін референдум арқылы ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы бастамашы топтың жетекшісі болған Ерлан Сыдықов Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты партияның атынан 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсыну жөнінде ұсыныс жасады.

«Осылайша мен партияның бүкіл мүшесінің көңілін білдіріп отырғаныма сенімдімін. 5 миллионнан астам қолдың жиналғандығы қазақстандықтардың Елбасы келешекте де мемлекетті өзі басқара беруін қалайтынын көрсетті», - деді Е. Сыдықов.

«Сіз елді жарқын жолға бастайтын жолды көрсеттіңіз. Халық сол болашақтың іргесін Сізбен бірге қалағасы келеді. Алдағы биік міндеттерді Сізбен бірге атқарғысы келеді. Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге болу алдағы күнге деген үмітімізді орнықтырып, сенімізді бекіте түспек. Сондықтан мен бүгінгі съезде дана да дара басшымымыз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы атынан Президенттікке кандидат етіп ұсынамын», - деді ол.

Съезді қорытындылыған Мемлекет башысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға түсуге келісімін берді. «Бүгін «Нұр Отан» партиясының жоғары органы Мемлекет басшысы лауазымына менің кандидатурамды ұсынды. Бұл ұсынысты мен елдегі жүргізіліп жатқан саясатты қолдау деп түсінемін. Мен тағы да қайталап айтамын, егер халық қолдаса, мен халықтың қалауын денсаулығым мен күш-қуатым жеткенше орындаймын. Мен мемлекет игілігі үшін қызмет етемін. Сондықтан бүгін осы съезде Президенттікке кандидатурамды ұсынуға келісімімді беремін»,- деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы жүргізіліп жатқан қазіргі бағытты қолдайтындығына сенімді екенін атап көрсетті. "Бұл еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге, басталған жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Мені Президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімді мен жүргізіп отырған бағыт-бағдарлды қолдау деп қарастырамын. Біздер бірге жеңіске жететіндігімізге сенімдімін", - деді Елбасы.

Ал, өз кезектерінде Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XIII съезіне қатысушылар 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде партия төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну туралы қаулы қабылдады.

Жиын барысында сөз алған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин съезд барысында кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну туралы ұсынысты жиынға қатысушылардың барлығы қолдағандығын айта келе, осы мәселеге байланысты тиісті қаулы қабылдауды ұсынды. Қаулыны жиынға қатысушылар бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар