Елбасы Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарына қатысады

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - 22 қазанда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентіне бірқатар жаңадан тағайындалған шетелдік елшілер сенім грамоталарын тапсырады.
None
None

Сенім грамоталарын Елбасына Бельгия, Армения, Беларусь, Бразилия, Франция, Куба және Катар елшілері табыс етеді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, 24-25 қазанда Қазақстан Президенті Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырыстарына қатысады Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесі отырыстарына қатысуы, сондай-ақ еуразиялық интеграция, ТМД аясындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау көзделінген.

Соңғы жаңалықтар