19:30, 26 Наурыз 2015 | GMT +5
Елбасы Н.Қаппаровтың қайтыс болуына байланысты оның туыстарына көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровтың қайтыс болуына

байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Жеделхатта ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Н.Қаппаров жастар арасынан дараланып шыққан кәсіпкер ретінде танылғаны атап өтілген. Ол әр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ Президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы болды, сондай-ақ басқа да жауапты лауазымдарда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. «Н.Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», - делінген жеделхатта.