Елбасы Н. Назарбаев Астанада әйгілі опера әншісі П. Домингоның концертін тамашалауда

ң 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайына келіп, әлемге әйгілі тенор дауысты испандық опера әншісі Пласидо Домингоның концертін тамашалауда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, П Доминго Орталық Азияда, оның ішінде  Қазақстанда тұңғыш рет өнер көрсетіп отыр. П. Доминго Астанаға елорданың 11 жылдығына құрметті қонақ ретінде келді.

«Президент мырза, біз Қазақстанға табанымыз тиісімен әр минут сайын сіздердің қонақжайлықтарыңызды сезінудеміз. Біз Астана жас қала екенін, небәрі 11 жасқа толып отырғанын білеміз. Біз қонақжайлықтарыңызға, елдеріңіздің, халықтарыңыздың өнерге деген сүйіспеншілігіне өте ризамыз», - деп атап көрсетті П.Доминго Елбасына қарата айтқан сөзінде.

П.Домингоның концерті екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде ол Россини, Массемек, Чилея, Шарпантье, Вагнер, Гунод, Масканидің шығармаларын орындады. П.Домингоның концертіне онымен бірге аргентиналық сопрано Виргиния Тола және әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева қатысуда.

Концерттің екінші бөлімінде әнші Морено-Торроба, Барбьири, Сорозабал, Гименес және Пенелланың шығармаларын орындады. Өнер кешін Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі сүйемелдеп отыр.  Оған халықаралық дәрежедегі дирижер Юджин Кон жетекшілік етуде.

Концертке Мемлекет басшысымен бірге Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужков зайыбымен, ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орал Мұхамеджанов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев және басқа да ресми адамдар  келді.

Соңғы жаңалықтар