16:49, 16 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Елбасы Н.Назарбаев белгілі қаламгер, этнограф ғалым А.Сейдімбектің отбасына көңіл айтты
АНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қаламгер, этнограф ғалым, халқымыздың үлкен жүректі азаматы Ақселеу Сейдімбектің кенеттен өмірден озуына байланысты, марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлт руханиятының үлкен жанашыры әрі шынайы жоқтаушысы болған ардақты азаматтың еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз әрдайым жүрегінде сақтайды деп сенемін» делінген жеделхатта.