18:43, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Елбасы Н.Назарбаев бизнестің дамуына тежеу болатын нормаларды алып тастау үшін заңнамаға ауқымды тексеру жүргізуді талап етті
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестің дамуына тежеу болатын нормаларды алып тастау үшін заңнамаға ауқымды тексеру жүргізуді талап етті.

«Біз нарықтық экономика құрушы елміз. Бізде іс жүргізіп, адамдарға жұмыс, жалақы беретін бизнес пен бизнесмендерді қолдау өткір назарда болуы тиіс. Мен Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына тежеу болатын нормаларды алып тастау үшін біздің заңнамаға тез арада ауқымды тексеру жүргізу қажет деп санаймын. Бұл тұрғыда, жетекші рөл Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.