Елбасы Н.Назарбаев келер жылы наурызда Оңтүстік Кореяға сапарламақ
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстандағы капитал нарығын өзектендіру және Кореямен өзара әрекет ету жоспарын жетілдіру» тақырыбына арналған қаржылық ынтымақтастық жөніндегі ІІ форум барысында Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілеті Елшісі Ли Бен-Хва мәлім етті.
«2009 жылдың мамырында екіжақты қарым-қатынастар жандандырғаннан кейін біздің елдеріміз арасында жыл сайын саммит өтеді және келесі жылдың наурызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев делегациямен Кореяға сапарлауды жоспарлауда», - деді ол.
Сонымен қатар Елшінің атап өтуінше, Қазақстан мен Корея елдері арасындағы автомобиль жасау, ақпараттық технология, қаржы, медициналық қызмет көрсету, мұнай химиясы сынды салалардағы ынтымақтастық қарқынды даму үстінде. «Осы салалардың арасында қаржы секторы ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай тартымды көрінеді. Қазіргі уақытта Кореяның «Ури» банкі 800 млн. доллар қаржы құйды және ВСС банкінің 42 пайызын сатып алу бағытында жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар Синхан банкі бүгінде Қазақстан аумағында заңды тұлғаларды тіркеуді рәсімдеумен айналысуда», - деді Ли Бен-Хва.