Елбасы Н. Назарбаев ресми сапармен Мәскеуде жүр - СІМ

АСТАНА.  8 қазан. ҚазАқпарат - 8-9 қазанда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек беру туралы шартқа қол қойылуының және дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 20-жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуде жұмыс сапары өтеді.
None
None

 

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ресейге сапар аясындағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин саяси, сауда-экономикалық салалардағы көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ТМД кеңістігінде интеграциялық құрылымдар шеңберінде екі елдің өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Кездесудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен Мәлімдемесіне, сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар