Елбасы Н. Назарбаев Светлана Подобедованы Лондон Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат -  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындардағы жеңісіне орай Светлана Подобедоваға құттықтау жеделхатын жолдады.
None
None

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

- Лондондағы ХХХ Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы жеңісіңмен құттықтаймын!

Шиеленіскен бәсекеге қарамастан, сен біздің елімізді әлемдік ойындарда лайықты таныта алдың. Сен жеңіп алған алтын медаль - жоғары шеберліктің, мықты ерік-жігердің және рухтың бекемдігінің көрсеткіші.

Сенің көптеген спорттық жетістіктеріңнің қатарында енді олимпиада чемпионы атағы бары да өте қуанышты.

Саған табыстар және жаңа жеңістер тілмеймін, - делінген құттықтау жеделхатында.

 

Соңғы жаңалықтар