18:15, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Елбасы Н.Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Қырымға келді
ЯЛТА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдер мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Украинаның Қырым Автономиялық Республикасына келді.

Ялта қаласындағы Ливадия сарайында өтетін кездесуге алты мемлекет басшысы, атап айтқанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, РФ Президенті Дмитрий Медведев, Украина Президенті Виктор Янукович, Беларус Республикасың Президенті Александр Лукашенко, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев және Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян қатысады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ТМД-ға Ресей Федерациясы төрағалық етуде.