Елбасы Н.Назарбаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
None
None

Жеке бизнестен ғылымға инвестиция тартуды қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Дамыған елдерде ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың барлық көлемінің жартысынан көбі жеке сектордың еншісінде», - деп атап өтті.

Елбасының алға тартқан деректеріне қарағанда, ғылымға құйылған барлық инвестициялар Жапония мен Германияда 70, Финляндия мен Швецияда 65, АҚШ-та 64 пайызды құрайды. Өйткені ғылыми зерттеулер бизнесте талап етіледі. Жаңалық шынайы түрде бәсекеге қабілетті тауарға айналады.

Осы орайда ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау өмірлік қажетті тиімді жүйе екенін баса айтқан Президент: «Үкіметке «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен бірлесіп, 2012 жылдың 1 ақпанына дейін «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, онда біз бизнес-қоғамдастықтың ғылыми зерттеулерге қатысуын анықтаймыз», - деді.

Соңғы жаңалықтар