Елбасы Н.Назарбаев Ыстамбұлда бірқатар елдердің басшыларымен кездесті

БҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлда Қырғыз Республикасының өтпелі кезең Президенті Роза Отынбаевамен және Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевпен кездесті.
None
None

Бүгін Ыстамбұлдағы «Чираган» сарайында Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммиті өтетінін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Саммит барысында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахичевань Келісімін жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланады деп күтілуде. Бұл келісімге 2009 жылы қазанның 3-інде Нахичевань қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінің аясында қол қойылған болатын. ҚР Парламентінің Сенаты 2010 жылы қыркүйектің 10-ында «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесін құру туралы Нахичевань келісімін бекіту туралы» Заң қабылдады.

Бүгінгі Саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев, Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысады. Саммиттің қорытындысы бойынша декларация қабылданады.

Соңғы жаңалықтар