Елбасы: Намысты жаныған жастар бұлқынысы желтоқсанда жанар таудай жарқ етіп жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Намысты жаныған жастар бұлқынысы желтоқсанда жанар таудай жарқ етіп, жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Тағдырдан талай тәперіш көрсе де халқымыздың рухы жасымаған. Азаттық - Ұлы даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арман еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткіздік. Еркіндік аңсаған қазақ халқының өршіл мінезі, намысты жаныған жастар бұлқынысы, желтоқсанда жанар таудай жарқ етіп, жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды»,-деді Елбасы.

Жастар жүрегіне жара салған желтоқсан күндерін жұрт жадында мәңгі қалдыру мақсатында көптеген шаралар атқарылғанына тоқталған Мемлекет басшысы, осыы орайда қыршынынан қиылып, желтоқсанның символына айналған Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілгенін, Астана мен Алматы және еліміздің барша өңірлерінде желтоқсан атына көшелер берілгенін, ескерткіштер орнатылғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар