Елбасы Назарбаев Университеті түлектеріне ақылын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Астанадағы Назарбаев университетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Барлықтарыңыз осы өмірде үлкен жетістіктерге жетуді қалайсыздар. Меніңше, сендер өз мақсаттарыңа жетесіңдер. Маған тәуелсіз Қазақстанды құру міндеті бұйырды. Егемен елімізді құрдық, картаға енгіздік. Қазақты дүниежүзіне таныту жұмысы маған бұйырды. Мемлекетті құру, экономикасын көтеру, оның үстіне қазақтың тариxында тұңғыш рет өз шешімімен өз Астанасын тұрғызуға атсалыстық. Осының бәрі біздің қолымыздан келді. Биыл 20 жылдығын атап өтейін деп отырмыз. Мынандай университет салғыздық, түлектерді дайындадық. Ең болмаса, маған ұқсап бірдеңе істеңдер", - деді Н.Назарбаев салтанатты шарада.

Осы орайда Мемлекет басшысы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып жастардың қазіргі бастамаларды табысты іске асыратынына сенім білдірді. «Қазіргі жастар - жаңарған Қазақстанның өкілдері, жаңа формацияның ұрпағы. Бүгінгі бастамаларды сендер іске асырасыңдар. Сендердің ақыл-ойларың, креатив пен энергияларың - табысты болашағымыздың кепілі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Сендерге біраз қиындықтардан өтуге тура келеді. Бірде жеңесіңдер, бірде жеңілесіңдер. Адамға бірде сенесіңдер, бірде көңілдерің қалады. Оның бәрі - өмір. Мен осының бәрін көргеннен кейін айтып отырмын. Өздеріңе сеніңдер, туған жерлеріңе, ой-идеяларыңа сеніңдер. Содан қуат аласыңдар», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев барша университет түлектерін құттықтады. Президенттің айтуынша, өткен жылы Назарбаев университеті әлемдік жоғары оқу орындары альянсының құрылтайшысы атанды. Осылайша, Сингапур, Жапония, Қытай, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдердің ең үздік университеттері қатарынан көрінді.

"Болашақта еліміздің барлық жоғары орындары сіздерге қарап, бой түзеп, білім беру тәсілін осы үлгіге көшіруі керек. Қазір басқа да университеттерде жастарымыз оқуын аяқтап жатыр. Көп түлектер маман болып шығып жатыр. Сондықтан солардың барлығын шын жүректен құттықтаймын", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар