Елбасы: «Нұр Отан» - нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» - нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

Съездегі сөзінде Елбасы ең ұлы жолдың өзі шағын қадамнан басталатынын айта отырып, осыдан 14 жыл бұрын партияның алғашқы съезіне небәрі 400 ғана делегат қатысқанын еске салды. «Аз ғана жылда «Нұр Отан» партиясы 250 филиалы 6300 бастауыш ұйымы бар алып ұйымға айналды. Елдік істердің барлығына белсене араласып келеді. Менің бастамаларыма әрдайым қызу қолдау білдіріп, идеяларымды құлшына іске асырып келеді. Осы арқылы аса ауқымды тәжірибе жинадық. Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Нұр Отан» - нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген сөз бар. Күнімізді шуақты ету үшін елімізді қуатты ету баршамыздың ортақ парызымыз», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына кіргізу мақсатына да тоқталып өтті. «Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуы керек. Съезде қабылданатын жаңа саяси Доктрина да осыны көздейді», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар