Елбасы «Нұр Отанның» алдына жаңа өршіл міндеттер жүктеді

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өткен «Нұр Отан» партиясының XIIІ съезінде партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия алдына жаңа өршіл міндеттерді жүктеді.
None
None

«Бүгінгі күні «Нұр Отан» съезінде біз Қазақстанның одан әрі даму векторын ұсынамыз. Бұл ретте сіздер шенеуніктік емес, керісінше қарапайым, түсінікті тілмен әрбір қазақстандыққа ел алдында тұрған міндеттерді жеткізулеріңіз керек. Олардың негізі әрбір азаматтың қарапайым базалық құндылықтарын қамтитын болады. Бұл - баспана, денсаулық, білім, отбасы, жұмыс. Міне, осылар даму мен гүлденудің басты мақсаты болмақ. Дәл осы құндылықтар біздің жұмысымыздың негізгі бағыты болуы тиіс», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ХХІ ғасыр инновациялық прогресс ғасыры екендігін айта келе, кім өзгеріске бейім болса, сол нағыз жетістікке жететінін атап өтті. Осы мәселелерге байланыстыра келе Президент партия алдына жаңа өршіл міндеттерді жүктеді. «2030 Стратегиясын лайықты орындау үшін келесі 20 жылға елдің болашақ мақсатын жоспарлау және белгілеу керек. Қазақстанның әрбір өңіріне, экономиканың әрбір саласына мұқият жұмыстар жүргізіліп, нағыз перспективалы және жүзеге асатын инновациялық жобаларды жалғастыру керек. Мәселен, ондай жоспарларда энергетика, көлік, машина жасау, металлургия, құрылыс, агроиндустрия, мұнай химиясы, медицина, ғылым салаларына ден қою керек. Бұдан бөлек, өткен шақта болмаған, алайда 20 жылдан кейін болатын жоспарды белгілеу керек. Бұл шарамен, ең алдымен әрбір министр мен шенеунік айналысуы тиіс. Яғни, әрбір саланың 20 жылдан кейін қандай болатынын толық суреттеуіміз керек. Бұл Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлаудың ең жақсы тәсілі болмақ», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент барлық күшті нақты серпінді жобаларға жұмылдыру қажеттігін де айтты.

Соңғы жаңалықтар