Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы 2-ші қалалық аурухананың ашылу салтанатына қатысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл көпсалалы стационар 360 орынға арналған. Оның 205-і -хирургиялық, ал 155-і -терапевтік сала бойынша. Стационардың негізгі мақсаты - кешенді мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Аурухананың құрылымында 28 емдеу-диагностикалық бөлімдер жасақталған.
Атап айтқанда, мұнда терапевтік, кардиологиялық, ревматологиялық, неврологиялық ауруға шалдыққан адамдар жатқызылады.
Аталған аурухананың бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Сәрсен Қобландиннің айтуынша, бұл көп салалы ауруханада жылына 5 мыңннан астам операция жасау мүмкіндігі бар. «Атап айтқанда білікті мамандар мен медицина саласындағы профессорлық құрам осында жасақталған. Бүгінде елімізде осы мекемеге ұқсас балама ауруханалар жоқ. Өйткені, осында жоғары техникалық жабдықтар орнатылған», деді С. Қобландин.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, осы ауруханада желілік кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілген. Яғни, осында емделуге жатқызылған адам жөніндегі барлық ақпарат жинақталған электрондық медициналық мұрағат жасақталған.