Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ататүрік мемориалды кешеніне гүл себетін қойды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат  - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары басталды.
None
None

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ататүрік мемориалды кешеніне келіп, гүл себетін қою рәсімін жасады, сондай-ақ құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды. Осыдан кейін «Чанкая» президент сарайына келген Елбасын Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл күтіп алды.

Мемлекет Басшылары арнайы орынға өткеннен кейін, екі елдің Мемлекеттік Әнұрандары орындалды. 21 рет артиллериялық дүмпу болып, Құрмет қарауылының бастығы сәлемдеме баянат берді.

Қазіргі уақытта «Чанкая» сарайында екі ел басшыларының шағын құрамдағы кездесуі өтуде.

Бесінде Елбасы Түркия Үкімет басшысы Реджеп Ердоғанмен кездеседі деп күтілуде. Ал одан кейін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтпек. Осыдан кейін ҚР мен ТР арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бірінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ТР Мемлекеттік қызметі директораты арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Премьер-Министрі  Реджеп Ердоған бірлескен мәлімдеме жасамақ.

Соңғы жаңалықтар