15:00, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды
СТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финдляндия Республикасы Үкіметі арасындағы қосарланған салық салмау және табыс салығына қатысты салық төлеуден жалтаруды болдырмау жөніндегі келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
***
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалдауы жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметшілеріне, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.