14:07, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Еліміздің Конституциясының 15 жылдығын біз жаңа жетістіктермен қарсы аламыз
ыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің Конституциясының 15 жылдығын біз жаңа жетістіктермен қарсы аламыз. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақ елі» монументі орналасқан орталық алаңда ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты әскери шеруде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі жыл біздің ел үшін айрықша болады. Біз Конституцияның 15 жылдығын атап өтеміз. Бұл елеулі тарихи оқиға және оны біз жаңа табыстармен, жетістіктермен қарсы аламыз», -деді Мемлекет басшысы.
Мемлекетіміздің басты құндылықтары мәселесіне тоқталған Президент, «Конституция Тәуелсіздік, бейбітшілік, тұрақтылық сынды біздің басты құдылықтарды ғасырларға бекітті. Барлық мемлекеттік институттардың, әр қазақстандықтың міндеті - осы құндылықтарды сақтау», -деді.