Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Киевке сапармен аттанды

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Киевке сапармен аттанды. Елбасы онда Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі саммитке қатысады.
None
None

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, бұл шара Чернобыль атом-электр стансасындағы апаттың 25 жылдығына арналып отыр.

Елбасының бұл шараға қатысуы Қазақстанның ядролық қару-жарақты таратпау және қарусыздандыру үдерісіне қосып отырған үлесін, халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атом энергиясын бейбі мақсатта пайдалану мәселесіне қатысты ұстанымын тағы да қуаттап отыр.

Саммитке Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінің мемлекет және үкімет басшылары, БҰҰ Бас хатшысы, МАГАТЭ, Еуропалық комиссия және басқа да халықаралық ұйымдардың басшылығы қатысады.

Ал ертең, 20 сәуірде Елбасының Эстон Республикасына ресми сапары жоспарланып отыр. Таллинде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар