Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз еліне ресми сапармен барады

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз еліне ресми сапармен барады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті.

Қазақстанға ресми сапармен шақырып, жылы қабылдағаны үшін ҚР Президентіне алғысын білдірген Алмазбек Атамбаев: «Құдай бұйыртса, бір топ мәселе Қазақстанда шешіліп жатыр. Қалған мәселелерді құрметті Н. Назарбаев бізге - Қырғызстанға тамызда ресми сапармен келгенде қарастырамыз. Сол кезде қалған мәселелерді шешеміз деген ортақ келісімге келдік»,-деді.

Соңғы жаңалықтар