Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуден Анкараға келді

   АНКАРА.  10 қазан. ҚазАқпарат  - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Мәскеуден Түркия астанасы -Анкараға келді.
None
None

Мемлекет басшысының түрік еліне сапары аясында Қазақстан мен Түркия стратегиялық кеңесінің бірінші отырысы өтеді деп күтілуде. Есте болса бұл кеңесті құру туралы бірлескен мәлімдемеге ағымдағы жылдың мамырында, Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған  қол қойған болатын.  Бұл құжат екі ел арасындағы тауар айналымын 2015  жылға қарай 10 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздейді.

Сондықтан да ҚР Президентінің осы сапары барысында аталған бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына қол қою жоспарланған. Бұдан бөлек басқа да екіжақты құжаттарды рәсімдеу қарастырылған.

Сондай-ақ сапар ауқымында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен бизнес-форум өтпек. Форум аясында қазақ елінің өнеркәсіптік-индустриялық саладағы жетістіктері көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның жетекші кәсіпорындары қатысады. 

 

Соңғы жаңалықтар