22:31, 07 Қазан 2012 | GMT +5
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинді 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтады
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірінші арнадағы» «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында Владимир Путинді 60 жас мерейтойымен құттықтады.

«Владимир Путинді Ресейді шынайы сүйетін көшбасшы деп санаймын. Ол Ресейдегі аласапыранды тоқтатты, биліктің вертикалін қалпына келтірді. Владимир Владимирович Путин өз сөзіне берік адам. Егер Путин уәде берсе, оның сөзі берік»,-деп тоқталды Елбасы.
Осы орайда Мемлекет басшысы Ресей Президентінің адамгершілігін де жоғары бағалады.
Айта кетейік, бүгін Владимир Путин 60 жасқа толып отыр. Ол жоғары мемлекеттік лауазымдарда 13 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.