Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіші ашылды

АНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы алдындағы саябақта Жәнібек пен Керей хандардың монументалды мүсіндік-көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы елорда төрінде осынау аңыз тұлғаларға арнап ескерткіш орнату бұл тарихын қастерлеп, қадір тұтқан ұрпақ құрметінің белгісі. Ал қазақ хандығының іргесін қалап, тұңғыш қазығын қаққан хандарға елордада ескерткіш ашу - Елбасы Н. Назарбаевтың идеясы болатын. Бұл ретте Керей мен Жәнібек хандар ескерткішіне арналған эскиз жобасына республикалық конкурс жарияланды. Байқауға 10 жоба ұсынылып, оның ішінен астаналық жас мүсінші Әбенов Ринаттың жоба - эскизі үздік деп танылған болатын.

Құрамына елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, антропологтар, саясаттанушылар мен сәулет өнерінің мамандары енгізілген конкурс комиссиясының пікірі бойынша, автор ұлы хандардың сыртқы пішіндерін, олардың ұлттық сипаттағы келбеттерін барынша нақты бейнелеген. Композиция тұтас өз тұлғаларымен жаңа хандықтың ірге көтеруі еркіндіктің орнауын бейнелейтін екі мүсіннен тұрады.

Ескерткіш мүсіндерінің іргетасынан бастап ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі 12 метр, Жәнібек ханның тік тұрғандағы бойы 5,25 метр. Керей ханның бейнесін сомдаған мүсіннің биіктігі 4 метр, мүсіндік композицияның барлық элементтері таза қоладан құйылған. Салмағы 16,20 тонна.

Керей мен Жәнібек хандардың тұрғызылған ескерткіштері - қазақ қоғамы үшін ірі рухани және мәдени маңызы бар айтулы шаралардың бірі. Мүсіндер Қазақстанда жасалған.

Соңғы жаңалықтар