Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысының үздік спортшыларымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Сондай-ақ Нұрсултан Назарбаев осы нысанда Оңтүстік Қазақстан облысының жетекші спортшыларымен кездесті. Олардың арасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Қазақстан Президенті жиналғандарға табыс пен жоғары спорттық жетістіктер тіледі.
Спортшылар республикадағы дене шынықтыру ісі мен спорт мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп, тұрақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
***
Шымкент қаласындағы ұлттық теннис орталығын Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан теннис федерациясы салған. 12 ашық және 4 жабық корты бар орталықта тұрақты негізде 300-ден аса бала теннис спортымен шұғылданады. Ашылғалы бері мұнда 14 халықаралық турнир өтті.