Елбасы: Ортақ құндылықтар мен мұраларды зерделеу ісінде Түркі академиясының жасайтын жұмысы әлі де көп

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі әлемінде дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту қажет. Бұндай ұсынысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркияның Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде айтты.
None
None

«Дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту қажет. ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры - рухани бірлікке жол ашатын құрылымдар. Ортақ құндылықтар мен мұраларды зерделеу ісінде Түркі академиясының жасайтын жұмысы әлі де көп», - деді Президент.

Елбасы Түркі халықтарының мәдениеті мен өнерін насихаттауда ТҮРКСОЙ-дың атқаратын рөлі зор екеніне тоқтала келе, оның белсенді қызметі бірлігімізді нығайтып, мәдени байланыстарды кеңейтуге ықпал етіп келе жатқандығын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар