Елбасы өткен жылы ел өңірлеріне 20 жұмыс сапарын жасады

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - 2008 жыл Қазақстан үшін түрлі атаулы оқиғаларға толы болды.
None
None
Жұмыс кестесі тығыз болған Елбасы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласына белсенді атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Шет елдерге іссапарларын, өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын, еліміздің тыныс-тіршілігінің мәселелері бойынша өткен түрлі мәжілістерді, халықаралық және республикалық форумдардың жұмысына қатысуларын, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдауларын, жұртшылық өкілдерімен және кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулерін, өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілерде болғандарын, тағы басқаларды қоса алғанда, жыл бойы Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 500-ден астам іс-шаралар өткізілген.Атап айтқанда, осы кезеңде Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің 14 ақпанда және 13 қазанда болған 2 кеңейтілген отырысына қатысты; Үкімет мүшелері мен Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен 5 жұмыс мәжілісін өткізді, олардың қатарында 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мембағдарламаларды жүзеге асырудың барысы, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жөніндегі, т.б. мәселелер бар; құқық қорғау жүйесіне әкімшілік реформа, сот реформасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, ішкі саясат және идеологиялық жұмыс, т.б. мәселелер жөнінде 6 кеңес, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімдігінде елорданың 10 жылдығын мерекелеуге әзірлік және оның одан арғы дамуы жөнінде 4 кеңес, сондай-ақ еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарлары барысында 6 көшпелі кеңес өткізді.Президенттің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар жүйесі бойынша Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы, Шетел инвесторлары кеңесінің 2 отырысы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің 4 отырысы өтті, оларда Ұлттық қауіпсіздіктің 2007-2012 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру барысы, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласында мемлекеттік органдардың басқару тиімділігін арттыру, заңдылық пен құқық тәртібін қорғауды, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың жұмыс жағдайы жөніндегі, т.б. мәселелер қаралды.Президент Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі алқаларының кеңейтілген отырыстарына қатысты, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттары басшыларының есептерін тыңдады.Н.Ә.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен екі отырысына қатысып, Парламент палаталары төрағаларымен және депутаттармен кездесе отырып, депутаттық корпуспен тұрақты байланыста болды. Жыл бойында Президент сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлімен; Қазақ тағам академиясының президенті, академик Т.Ш.Шармановпен; Ауған соғысының ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Б.Смағұловпен; ?Атамекен? одағы? Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшелерімен; Астананы алғаш салушылармен; ұлттық университеттер ректорларымен; Олимпиадалық ойындарға қатысушылармен және жүлдегерлерімен, тағы басқалармен кездесті.Мемлекет басшысы еліміздің өңірлеріне 20 жұмыс сапарын жасады.
Соңғы жаңалықтар