Елбасы өзінің құттықтауы арқылы Парламентке зор құрмет әрі сенім көрсетті - Қ.Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаев өзінің құттықтауы арқылы Парламентке зор құрмет әрі сенім көрсетті. Бүгін ҚР Парламенті палаталары депутаттарының және Сенат пен Мәжіліс аппаратының қызметкерлерінің қатысумен өткен отырыста Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов осылай деді.
None
None

«Құрметті әріптестер, бүгінгі құттықтаудың біздер үшін маңызы ерекше. Біріншіден, Елбасы өзінің құттықтауы арқылы Парламентке зор құрмет әрі сенім көрсетті. Екіншіден, өзі тұсауын кесіп, жол болсын айтқан тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің алдында тұрған келелі міндеттер мен айшықты мақсаттарға жаңа серпін беріп отыр»,- деді ол.

Қ.Сұлтановтың атап өтуінше, Тұңғыш Президенттің орасан мемлекеттік қайраткерлік еңбегінің арқасында ұлтымыз ұзақ ғасырлар бойы армандаған 100 жылдықтарға татырлық жаңа теңдесі жоқ жетістіктерге қол жеткіздік.

«Біз жаңа Қазақстан болып түледік. Біздің алдымызда жаңа ұрпақ өсті. «Есе тиер, енші шалар, Ел болсам деп ойлаушы ем. Қазақпын деп айта алар, Мен болсам деп ойлаушы ем», деген арманға жеткізіп, Нұрсұлтан Әбішұлы тарихымызда тұңғыш рет БҰҰ-ның мінберінен әлемге мемлекеттік тілімізде сөз сөйлеп, ұлттың мәртебесін көтерді. Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын білікті насихатшысы, рухани тірегі болып, келер жылды да жаңа тарихымыздың жарқын бетіне айналдыруға күш-жігерімізді аянбай жұмылдыратындығымызға сендіріп, Нұрсұлтан Әбішұлына Жаңа жылда зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа өрлеу тілеуге рұқсат етіңіздер. Қазақстан жасасын!», - деп түйіндеді сөзін Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар