Елбасы Павлодарда білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарына арнайы қызметтік автокөліктердің кілтін табыс етті

ПАВЛОДАР. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласының орталық алаңында білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдеріне арнайы қызметтік автокөліктердің кілтін табыс етті.
None
None

Салтанатты шарада аталмыш салалар заманауи техникаларымен жабдықталуы тиістігін айтқан Мемлекет басшысы: «Сіздерді бүгінгі жақсы оқиғамен - келешекте жақсы жұмыс істеу үшін қызметтік автокөліктерді алуларыңызбен құттықтаймын. Сіздер мемлекеттің қамқорлығын науқас адамдарды емдеп, көмек көрсетуге, білім беру ісінде, біздің азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға пайдаланатындарыңызға сенімдімін», деді.

Елбасы жеке өзі, мемлекет мектептерге және ауруханаларға зор назар аударып отырғанын атап көрсетті.

Павлодар облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш салаларға барлығы 77 арнайы қызметтік автокөлік табыс етілді. Оның 57-сі облыстағы қалалық және аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілді. Қалған 20 автокөліктің кілті әлеуметтік сала ұйымдарына табысталды. Оның ішінде 10 көлік медициналық жедел жәрдем стансыларына, ал 10 шағын автобус облыстық интернаттық мекемелерге берілді.

Соңғы жаңалықтар