Елбасы Павлодарда кәсіпкерлермен кездесуінде отандық өндірісті қолдау бағытындағы іс-шараларды атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Рубиком» ЖШС Greenwich гипермаркетінде болды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы гипермаркеттің сауда залдарын аралап, онда қойылған отандық тауарларды, соның ішінде бөлшек сауда кәсіпорны аумағында өндірілетін өнімдерді көрді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жергілікті тамақ өнімдерін өндірушілермен және облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы отандық өндірісті қолдау және Қазақстан тауарларының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекет күш-жігер жұмсап отырғанын атап өтті.

***

Гипермаркетте 250-ден аса компанияның өнімі қойылған, соның 137-сі - қазақстандық өндірушілер болса, 45-і Павлодар қаласы мен облысының компаниялары. Гипермаркеттегі отандық өнімдердің үлесі барлық тауар ассортиментінің 60 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram