15:37, 18 Наурыз 2017 | GMT +5
Елбасы Путинмен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі және оны бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Елдер көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы, сондай-ақ Астанада 14-15 наурызда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.