Елбасы: Ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешіп, қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезең жетті

Қазақстан Президенті батыс елдері мен Ресей арасындағы өзара санкциялар саясат пен экономиканың араласып кетуінің нәтижесі екеніне назар аударды. Бұл жағдайдан Ресей ғана емес, өзге елдер де зардап шегіп отырғанын айтты.
Н.Назарбаев Украина төңірегіндегі ахуалды шешу үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын атап өтті.
«Менен араағайындық етуді өтінгенде уақытты да, күшімді де аямаймын, кездесулер өткізіп, тараптарды келіссөздерге шақырамын. Бұл жағдайда ел басшылары кездесе отырып, ымыраласу арқылы ортақ тіл таба алады. Шешілмейтін мәселе көріп тұрғаным жоқ. Мен қазір ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезең жеткенін байқап отырмын. Мұның тезірек болғаны керек, еуропалық көшбасшылар да осыны қалайды. Қазіргі уақыт осындай қадам үшін қолайлы», - деді ҚР Президенті.