14:55, 06 Желтоқсан 2018 | GMT +6
Елбасы Санкт-Петербург қаласына барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді.