Елбасы «СарыарқаАвтоПром» зауытында іске қосылған жаңа технологиямен танысты
Елбасы бұған дейін «Əуежай» шағын ауданына соғып, мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен де танысқан болатын.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.
Айта кетерлігі, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақтүйінді өндіріс бойынша жаңа технологиялық əдісті іске қосып отыр. Əдіс «монокок» деп аталады. Тың тəсіл бірінші JACS3 кроссоверіне қолданылды.
Сонымен қатар Президентке Peugeot, JAC, Iveco жəне басқа да электромобильдері көрсетілді. Ал «Оператор РОП» ЖШС директоры Коротенко Алматы жəне Астана қалалары арасындағы электромобиль жолдарының инфрақұрылымы туралы баяндады.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Əбішұлы шетелдік инвесторлармен, зауыт қызметкерлерімен кездесті. Бұдан соң, Президентке Қостанай облысының инвестициялық əлеуеті таныстырылды. Еске сала кететін жайт, қытайлық CNC компаниясы қостанайлық зауытқа 1 млрд доллардан астам инвестиция салған болатын .