20:25, 04 Қараша 2016 | GMT +5
Елбасы Сербия Президентімен уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады.
Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты.
Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.