Елбасы «Шабыт» шығармашылық сарайында болды

АНА Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылы іске қосылатын «Шабыт» шығармашылық сарайында болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан «Шабыт» шығармашылық сарайының жалпы аумағы 30 мың шаршы метр. Сметалық құны - 8,5 млрд. теңге.

8 қабаттан тұратын орталықтың алғашқы қабатында 500 орынға арналған үлкен және 300 орындық кіші концерттік залдар, асхана және балет залдары орналасқан. Жоғарғы қабаттарында барлығы 215 оқу сыныптары бар. Ғимарат толығымен Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің (бұрынғы Музыкалық академия) балансына беріледі.

Мердігер компания «Базис -А» Корпорациясы» ЖШС-ның директоры Сейітжапар Әлімжановтың айтуынша, «Шабыт» сарайы 2010 жылдың тамыз айында іске қосылады. «Бүгінгі күні Сарайдың тапсырылуға дайындық күйін жұмыс комиссиясы мақұлдады. Мемлекеттік комиссияның шешімін күтудеміз», деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар