15:28, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы «Шелл» компаниясының өкілімен әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мұнай-газ секторының ахуалын талқылады
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» компаниясының атқарушы директоры Йерун ван дер Виерді қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан экономикасының мұнай секторын дамытудың перспективалық бағыттары және «Шелл» компаниясының «Қашаған» және «Меруерт» кеніштерін игеру жобаларына қатысуы талқыланды. - Біз әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мұнай-газ секторында қалыптасып отырған ахуалды және дағдарыстан бірлесе шығу үшін қолға алынуға тиіс шараларды талқыладық, - деді журналистерге арналған брифингіде Йерун ван дер Фиер.