12:30, 03 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елбасы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде болып, ондағы құрылыстың барысына оң баға берді
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде болды. Бұл кешеннің құрылысы елордадағы құрылыс нысандарын аяқтау жөніндегі мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында қаржыландырылуда.

Елбасы ғимарат құрылыстарының барысына оң баға берді. Естеріңізге сала кетейік, нысан құрылысын аяқтау үшін 2 миллиард теңге қажет болған еді. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенін қаржыландыру жөніндегі келісімшартты екі жыл бұрын жасады. Нысан Астанада, Есілдің сол жағалауында, сулы-желекті бульварда орналасқан.
Бизнес-класс санатындағы үй қазірде пайдалануға берілуде, үйде барлығы 165 пәтер бар, оның 30-ы - үлескерлердің пәтерлері, ал қалған 135 үй жалға және кейіннен сатып алуға берілетін болады.